Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Жаназа кітабы кеңінен насихатталуда

МАҢҒЫСТАУ: Жаназа кітабы кеңінен насихатталуда

Ақтау қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы таныстырылды.

Игі шараға өкіл имам Смайыл қажы Сейтбеков және Облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов және ардагерлер мен мешіт имамдары қатысты.

Рухани жаңғыру аясында өткен шарада «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы негізгі мақсат - еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа жол бермеу, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу сынды тақырыптар қозғалды.

Жиынға қатысқандар қазіргі қоғамда талқыланып жүрген мәселелердің бірі қабір басына кесене тұрғызып, белгі қою, мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары, діни жоралғыларды бір жүйеге келтіру мәселелері жөнінде де сөз қозғап, аталмыш еңбекте айтылған тақырыптарға тоқталды.

Бас имам бұл игі шара облысымыздың басқа да өңірлерінде кеңінен насихатталатындығын айтты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру