Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тарихта бірінші рет шөл мысықтарын камераға түсіріп алды

www.muftyat.kz 11.10.2017 4103 0 пікір
Тарихта бірінші рет шөл мысықтарын камераға түсіріп алды

Шағыл (құм) мысығы – тек қана Сахара (Алжир, Марокко, Чад, Нигер), Араб түбегі, Орталық Азия  (Түркменстан, Өзбекстан, Қазақстан), Пәкістанның төңірегіндегі құмды шөлде өмір сүретін мысықтардың түрі.

 Бұл мысықтар құм түсті болып келеді әрі олар құмда іздерін қалдырмайды. Өмір сүретін ортасының ерекшелігінен және жасырын өмір сүру салтына байланысты оларды зерттеу тұрмақ, камераға түсірудің өзі мүмкін емес дүние болған. Сол себепті де мына түсіріліп алынған кадрлар – аталмыш көркем жаратылғандарды көрудің нағыз сәтті кезі!

Тастай қараңғыда жайнап тұрған үш жұп көзді көрген биологтар өз көздеріне өздері сенбеген. Шағыл мысықтарды тарихта алғаш рет бейне камераға түсіріп алу үшін, бақандай төрт жыл уақыт кеткен екен.  Бейне таспадағы 6 айлық шамасындағы марғаулар мен олардың анасы марокка құмды шөлін мекендеуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру