Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Лондондық таксиші қартты жаман бәледен құтқарып қалды

www.muftyat.kz 10.10.2017 3387 0 пікір
Лондондық таксиші қартты жаман бәледен құтқарып қалды

Лондондық таксиші Изи Рашид үшін бұл күнделікті жұмыс күні болатын. 78 жасар қарт адам мекенжайы көрсетілген жерге оралған шағын ғана түйіншекті апарып салуды өтінеді.

Бірақ бір нәрседен секем алған Рашид қарттан бұл сәлемдеменің кімге арналғанын сұрайды.  

«Бұл не сәлемдеме деп сұрағанымда, ол кісі – бұл оның ұлына деген сыйлық деп айтыпты. Сонда да мені бір нәрсе алаңдатқанын қоймады да, мен оған шынында не болып жатқанын айтуын өтіндім».

Ал шындығына келгенде, қарт Барри Стоунге бір істі тексеріп жатқан полиция қызметкерлері болып қоңырау шалған алаяқтар оның барлық жинап-терген ақшасын такси жүргізушісі арқылы басқа орынға жеткізіп алуды өтінген екен.  

Стоун қаскүнемдердің қармағына түсіп, өзінің барлық қаражатын такси жүргізушісі арқылы жіберуге бел буған.  

Істің анық-қанығына көзі жеткен Изи бірден полицияға хабарлаған.  

«Бұл қомақты соманы мен өзіме қалдырсам да болар еді, бірақ менің дінім де, менің пиғылым да мені мұндай әрекетке жібермейді».

Мұсылманның жақсы амалына тәнті болған Стоун Изи Рашидті  «ғажап адам» деген екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру