Uber компаниясы Сауд Арабияда таксиші болып қызмет жасағысы келетін қыз-келіншектерге арналған арнайы оқу орталығын ашуға ниетті екенін мәлімдеді.
Компания вице-президенті, Еуропа, Африка және Таяу Шығыстағы операция бөлімінің басшысы Пьер Коти сауд қыз-келіншектеріне авто көлік жүргізуге рұқсат бергендігін компания құптайтындығын хабарлады. Оның айтуына қарағанда, Uber мобильдік қосымшасы қолданушыларының 80% жуығы — нәзік жандылар екен.
Ықтимал әйел-таксишілерді оқу курстеріне тіркеу жақын арада басталады деп күтілуде. Сонымен қатар, Сауд Арабия мұсылман қыз-келіншектері тек қана таксиші болып қана қоймай, сондай-ақ, маршрутты көліктер мен автобустардың да жүргізушілері болып қызмет жасай алатын болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
09.10.2017
3872
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру