Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

8 жасар қыз Сириядағы соғыс туралы кітап жазды

www.muftyat.kz 09.10.2017 4041 0 пікір
8 жасар қыз Сириядағы соғыс туралы кітап жазды

Нью-Йоркте «Қымбат әлем» (Dear World) атты кітаптың тұсаукесері өтті. Оның авторы 8 жасар Бана эл-Абед есімді сириялық қыз, - деп жазады Ансар.ру. Аталмыш кітаптың тұсаукесері оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырды. 

Қазіргі уақытта Алеппода туып-өскен Бана өз отбасымен Түркияда тұрады. Кіп-кішкене сириялық қыз бен оның анасы әлеуметтік желілерге  6 жылға созылған Сириядағы соғыста зардап шегіп жатқан балалардың тағдыры туралы жазу арқылы танымал болған болатын.

Кітаптың тұсаукесері Нью-Йорк университетінде өткен. Шарада автор және оның анасы кітаптан үзінді оқып беріп, қолтаңбаларын таратты.

Кітаптың толық атауы мынадай: «Қымбат әлем: сириялық қыздың әскери тарихы мен бейбіт өмірге үндеуі». Тұсаукесердің қатысушылары кітаптың үзінділерін тыңдай отырып, еріксіз көздеріне жас алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру