Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аяқ-қолдары жоқ жігіттің неге қабілетті екеніне сенбейсіздер

05.10.2017 3762 0 пікір
Аяқ-қолдары жоқ жігіттің неге қабілетті екеніне сенбейсіздер

Ахмад — индонезиялық кәсіпқой фотограф

Ахмад Зұлқарнайын  – индонезиялық кәсіпқой фотограф, бірақ ол ерекше фотограф.  Алла Тағаланың қалауымен, Ахмад бұл дүниеге қол-аяқсыз келген, бірақ онда мықты рух пен барлық сұлулық атаулыға деген шексіз сүйіспеншілік болған.

24 жасар Зұлқарнайын қол-аяқсыз туылса да, бұл оның арманына жетуіне кедергі бола алмаған. Егер Ахмадпен таныспай тұрып оның жұмыстарын көрсеңіз, фотоаппаратты аузымен іске қосатынына әрі бұл жұмыстарды мүмкіндігі шектеулі адамның түсіргеніне ешқашан да сенбес едіңіз.

24 жасар жігіттің физикалық мүмкіндіктері шектеулі болғанымен,  оның ынтасы мен табандылығы шектеулі емес. Зұлқарнайынның саусақтары жоқ, бірақ түсіру барысында ол денесінің басқа бөліктерін — бетін, аузын, шынтақтарын еппен қолдана алады.

Ол фотоаппаратты еппен ұстай алады. Оның жұмыстары  – көз тартар  пейзаж, әдемі ұлттық кииімдегі қыздар және қарапайым ғана адамдар. Ккомпьютерді де Ахмад шырқ үйіреді, өздігінен фотосуреттерді өңдейді. Ол тіпті фото және бейнетүсірумен айналысатын өзінің шағын DZOEL компаниясын ашқан.

"Менің жұмыстарымнан адамдардың мені емес, жасампаздықты көргенін қалаймын", - дейді Зұлқарнайын. Ол басқа адамдарға тек шабыт болып қана табылмайды, сонымен қатар, мықты рух   кез-келген қиындықты жеңіп шығатындығының дәлелі де.  Ахмад таңдануға лайық  жан.

Зұлқарнайынның жұмыстары:
24-летний Зулькарнайн родился без рук и ног, но это не стало преградой на пути к его мечтеВы не поверите на что способен этот парень, у которого нет рук и ногВы не поверите на что способен этот парень, у которого нет рук и ногВы не поверите на что способен этот парень, у которого нет рук и ногВы не поверите на что способен этот парень, у которого нет рук и ног

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру