Қазіргі Түркия тарихында алғаш рет Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери академиясына шариғат шәлісін жамылған қыз қабылданды.
Кеше академияда 2017-2018 оқу жылының ашылу салтанаты өтті. Бұл шараға ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли қатысты. Жаңа оқу жылында әскери училищеде 2 200 түрік студенттері, сондай-ақ, 310 шетел азаматтары білім аламақшы.
Түрік БАҚ өкілдері ашылу рәсімінде орамал тағып жүрген қызға баса көңіл аударған. Осы күнге дейін елдің қарулы күштерімен байланысты оқу орындарында мұндай жайт орын алған емес. Ақпан айында, қарулы күштер мекемелерінде қабылданған жаңа қаулыдан кейін, шариғат шәлісін жамылуға салынған тыйым алынып тасталынған болатын.
Мұның алдында Түркияның ӘӘК Академиясының оқу бағдарламасына да орамал таққан қыз қабылданған болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
05.10.2017
3898
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру