Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт күллі ауылдың электр станциясына айналды

www.muftyat.kz 04.10.2017 3542 0 пікір
Мешіт күллі ауылдың электр станциясына айналды

Тадмамет ауылы марокканның Маракеш қаласының оңтүстігінде 1 сағаттай жерде орналасқан.

Тауда орналасқан бұл елді мекен жақын ауылдан 40 км жерде орналасқан және бұл жерде барлығы  400-ақ адам өмір сүреді.  Олар қарапайым, өркениеттен алыс ауыл тірлігін кешуде әрі арпа, картоп және алма өсірумен күн көруде.

Ауыл тұрғындарының авто көліктері де жоқ, смартфон деген бірен-сараңында ғана бар, өйткені электр қуатының мәселесі жақын күндерге дейін әлі дұрыс шешілмеген, деп хабарлайды BBC.

Жуырда Тадмамет аулында ерекше оқиға орын алған, ауыл мешіті күн панелімен жабдықталған, ол тек ғибадат үйін ғана жарықпен қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, жақын маңдағы имамның  үйін және ауылдағы басқа үйлерді де жарықтандырған.

«Бұл елдегі бірінші жарық беретін мешіт», - деп атап өтті неміс үкіметтік агенттігінің өкілі, осы жобаның іске асуына ат салысқан Иан-Кристоф Кунтце.

«Жасыл мешіт» жобасы Тадмамет ауылынан басталған, ал келешекте елдің басқа мешіттерінде де өз жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру