АҚШ-та тұратын Тамми Амбел есімді шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйел 44 жасында миллионер атанды. Ол 16 жасында тұрмысқа шығып, 14 перзент сүйді.
Біздің кейіпкеріміз жылына 1,7 млн доллар табыс түсіретін опа-далап бизнесімен айналысады. Ол ең алдымен опа-далаптың табиғи әрі денсаулыққа пайдала болуына мән береді. Тамми Амбел Виргиния штатына қарасты Лисбург елді-мекені маңындағы фермада отбасымен тұрады.
Өнімдері үшін экзотикалық табиғи компоненттерді, мәселен, мароккалық арганды майды сатып алады. Намибияда марулдың, ал мысырда қара зеренің майын сатып алу үшін сапарға шығып тұрады. Компания іріленіп, қанатын кеңге жайған сайын ол қоластындағы қызметкерлерін өз бетінше жұмыс істеуге үйреткен.
Фабрикаға барған сайын балаларын өзімен бірге ертіп алады. Оларға жүк тұрған залда үй тапсырмасын орындауына жағдай жасап, өзі тапсырыстарды қабылдауға кетеді. Осылайша отбасы шаруасы мен бала тәрбиесін және бизнесін қатар алып жүрген әйелдің қажыр-қайраты қайран қалдырады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
islam.kz
03.10.2017
4408
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру