Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубай тұрғындары ұшқышсыз ұшатын таксимен жүретін болады.

muftyat.kz 29.09.2017 4336 0 пікір
Дубай тұрғындары ұшқышсыз ұшатын таксимен жүретін болады.

Дубайда әлемдегі бірінші ұшқышсыз ұшатын таксиді сынап көрді. Шараға Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан бин Мұхаммед бин Рашид Әл-Мактум қатысты.

Drocal  неміс компаниясымен құрастырылған ААТ атаулы екі кісілік транспорт  адамдарды ұшқыштың қатысуынсыз таситын болады.

«Аймақтағы бірінші ұшқышсыз жүретін метрополитеннің жарқын сәттілігінен кейін, бүгін ААТ транспортының сынақтама ұшуының күәгері болдық, — деп айтты шейх Хамдан. — Бұл біздің оң өзгерулерге бейімділігіміздің тағы бір дәлелі».

«Жаңартпаны көтермелеу әрі жаңа технологияны қабылдау елдің дамуына үлесін қосып қана қоймайды, сонымен қатар, келешек  көпірін  жасауға да септігін тигізеді», — деп сөзін жалғады ол.

Жолдар мен транспорт Басқармасының (RTA) бас директоры әрі атқарушы директорлар Кеңесінің төрағасы Маттар Аль Тайердың айтуынша,  AAT транспорты ең жоғары қауіпсіздік стандарттарына ие. Ол қосымша апаттық парашютпен, тоғыз дербес аккумулятор жүйесімен, аккумуляторды жылдам зарядтау әрі қосылғыш жүйесімен жабдықталған.

Ұшқышсыз ұшатын таксиге қосымшаның көмегімен тапсырыс беруге болады. Келесі бес жыл бойы RTA Дубайдың азаматтық авиация Басқармасымен қызметтес болып, ААТ транспортын Әмірліктің транспорт жүйесімен біріктіруді қамтамасыз ететін болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру