Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубайда Марстағы өмірге ұқсас аудан салынбақшы

28.09.2017 3815 0 пікір
Дубайда Марстағы өмірге ұқсас аудан салынбақшы

Mars Scientific City жобасы

Жуырда Дубай қаласында ерекше ауданның құрылысы басталмақшы, оның ерекшелігі — бұл ауданда Марс өмірінің жағдайлары көрініс табатын болады. The National әмірлік баспасының мәлімдеуінше, Mars Scientific City жобасын жүзеге асыру үшін 136 миллион доллардан астам қаражат жұмсалмақшы.

Жобаға сәйкес, Марс қалашығының көлемі 170 мың шаршы метр. Ол шөлде орналасқан бірнеше аса зор күмбездерден тұратын кешен болмақ. 

Күмбездердің ішіне үйлер салынады. Ал ауданда Марстағы өмірдің қандай түрде көрсетілуі әлі мәлім емес.

 Дубай әміршісі Мұхаммед бин Рашид әл-Мактумның айтуынша,  БАӘ «марс қалашығы»  2117 жылдары пайда болмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру