Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Болгарда мұсылман мұғалімдерінің халықаралық форумы басталды

www.muftyat.kz 28.09.2017 3365 0 пікір
Болгарда мұсылман мұғалімдерінің халықаралық форумы  басталды

Форум 2012 жылдан бері жыл сайын өткізілуде.

Бүгін Болгар ислам академиясында білім беру ұйымдары мұсылман мұғалімдерінің V халықаралық форумының жұмысы басталды. Шараға ТРМДБ өкілдері, медресе мұғалімдері мен ректорлары, отандық және шетел ғылымының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысуда.

Ислам академиясының ректоры Рафик Мухаметшин форумға қатысушыларды құттықтап, ғылыми слетте қарастырылатын негізгі мәселелерді көрсетіп өтті. Ғалым қатысушыларға академияның ашылу тарихы мен оның ислам білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуында алатын рөлі туралы айтты: "Қазіргі таңда Татарстанда шамамен 2000 оқытушы сабақ береді және  20 000 шәкірт білім алуда.  Ортақ күш салумен үш деңгейлі діни білім жүйесін құрдық: медреседе орта кәсіби білім беру — РИИ бакалавр дәрежесін алу; магистратура академияда. Осы оқу орындарында білім деңгейін көтеру өте маңызды, себебі қазіргі кезде діни іліммен байланысты көп қиын мәселелер туындауда".

Рафик хазірет аталмыш оқу орындары елдің зиялы мұсылман таңдаулыларын тәрбиелеп шығаратындығына және олар 21 ғасырда пайда болып жатқан қиын діни ілімдерді классикалық ислами білім және ғылым турасынан қарастыра алатындығына үміт артатынын білдірді.
Ашылу рәсімін ТР мүфтиінің бірінші  орынбасары Рүстем Валиуллин ашқан пленарлық отырыс жалғастырды.

Сондай-ақ, мүфтидің аумақтармен жұмыс жасайтын орынбасары Мансур хазірет Джалялетдин мен ТР Бас қазиі Джалил хазірет Фазлыев баяндама жасады.

Сонымен қатар, бүгін өздерінің зерттеулерімен Халықаралық ислами ғылым университетінің (Иордания) араб тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Абдулраззак ас-Саади, Халықаралық қатынастар, тарих, шығыстану институтының ислами білім беру және ислам дамуы ресурстық орталығының аға ғылыми қызметкері Сафиуллина әл-Анси Резеда Рифовна, "Ислам зерттеу орталығының" ғылыми қызметкері, "Казан Нуры" мешітіне қарасты "Шамиль" медресесінің директоры Валиуллин Камил Хамзович және басқалары бөліседі.

Ертең конференцияға мүфти Камил Самигуллин, Болгар ислам академиясының Президенті  Камил Исхаков, ТР Білім және ғылым министрі Энгель Фаттахов және басқа да мәртебелі қонақтар келеді. 

Қатысушылар орта және жоғары кәсіби мұсылман білім беру ұйымдарының мәселелерін көтереді. Форум аясында медресенің үздік студенттеріне атаулы шәкіртақы беріледі, сондай-ақ, үздік ұстаздар белгіленеді. 

Мұсылман білім беру ұйымдары мұғалімдерінің Халықаралық Форумы 2012 жылдан бері жыл сайын өткізілуде.

Аталмыш шараны ТР мұсылмандары діни басқармасы Болгар ислам академиясымен, Ресей ислам институтымен және Қазан федеральді университетімен бірлесіп өткізіп отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру