Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАӘ бірінші ғарышкері әйел болуы мүмкін

www.muftyat.kz 28.09.2017 3302 0 пікір
БАӘ бірінші ғарышкері әйел болуы мүмкін

2021 жылы Марсқа бірінші араб ғарыш зонды жіберілуі керек.

БАӘ тарихындағы бірінші ұлттық ғарышкерлер жасағы төрт-сегіз адамнан тұратын болады. Бұл жөнінде Аустралияда өтіп жатқан Халықаралық ғарышкерлер конгресінде Ғарыш орталығы директорының орынбасары Мұхаммед бин Рашид Аднан Мұхаммед ар-Раис мәлімдеген.

Оның айтуынша, жасаққа үміткерлерді таңдау 2018 жылдың қаңтарында басталмақ.  

«Біздің есігіміз бәріне айқара ашық, бізде ешбір шек қою жоқ.  Әртүрлі жастағы еркек те, әйел де  және әртүрлі маман иелері — мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар, әскерилер де болуы мүмкін. Ақыр соңында, біз үміттенгендей, 2020 немесе 2021 жылы, бір немесе екі ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындалуды бастайтын болады», - деп ТАСС ақпараттық агенттігі ар-Раистан дәйексөз келтірген.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың көктемінде БАӘ билігі өршіл ғарышты зерттеу бағдарламасы туралы жариялаған болатын. Мысалы үшін,  2021 жылы Марсқа бірінші араб ғарыш зонды жіберілуі керек.

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін елде Ғарышты  зерттеу орталығы ашылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру