Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Иракта Александр Македонскидің жоғалған қаласы табылған

www.muftyat.kz 27.09.2017 3600 0 пікір
Иракта Александр Македонскидің жоғалған қаласы табылған

 

Ғалымдар жоғалған көне қаланы тапқан.

Қазіргі Ирак аумағында, аңызға сай, Александр Македонский іргесін қалаған қала табылған әрі бұл жер тылсым жер деп саналған.  Аңыз қала Qalatga Darband 2 мың жылдан артық уақыт бойы жоғалған болып саналған екен.  

Ал оны табуға 1960 жылдары ОББ тыңшылары түсірген суреттер көмектескен. Осы суреттерді зерттей отырып, ирак және британ  археологтары бір ирак мекенінен ежелгі қабырғалар қалдықтарын байқаған.  

Ғалымдардың пікірінше, аталмыш қала біздің дәуірімізге дейінгі I және II ғасырларда Ранияның оңтүстік-шығысындағы  10 километр жерде орналасқан Ирак Күрдістанының Сулеймания шет аймағы болған.

Бұл қаланың негізін  Александр Македонский біздің дәуірімізге дейінгі   331 жылы қалаған екен, содан кейін өз құзырындағы үш мыңдай адаммен сол жерде тұрған. Qalatga Darband күрд тілінен аударғанда «Тау асу қамалы» деген мағынаны білдіреді. Бұл қала Ұлы Александрдың  парсы патшасы Дария III жасаған жорығы жолында болған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру