Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам елдері Газаны қалпына келтіруге 37 млн доллар бөлген екен

www.muftyat.kz 27.09.2017 3192 0 пікір
Ислам елдері Газаны қалпына келтіруге 37 млн доллар бөлген екен

 

Газаны қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Құрамы Ислам елдерінен тұратын, Сектор Газаны қалпына келтіру халықаралық комиссиясы Сектор Газа инфрақұрылымын көркейту мақсатында мектептер, мешіттер, ауруханалар және басқа да нысандар салу үшін 37 миллион доллар бөлген.

 Anadolu агенттігі комиссия басшысы, Иорданияның бұрынғы премьер-министрі профессор  Тахира әл-Масриге сілтеме жасай отырып мәлімдеуінше, бөлінген қаражаттың үлкен бөлігі Түркия еліне тиесілі  екен.

Қазіргі таңда Түркия елі бөлген қаражатқа 150 орынға есептелген «Түркия мен Палестина достығы ауруханасының» құрылысы салынып басталған,  бұл Палестинадағы ең ірі әрі жетілдірілген мекеме болмақ.

Медициналық мекеме 2018 жылы ашылып, 1,85 миллион халқы бар Газаға қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру