Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бірегей тренинг-семинар мұсылман қыз-келіншектерді өзгертті

www.muftyat.kz 26.09.2017 3606 0 пікір
Бірегей тренинг-семинар мұсылман қыз-келіншектерді өзгертті

«Қырғызстан астанасында мұсылман қыз-келіншектерге арналған қарқынды «Көрінбейтін арғы бет» атты тренинг-семинар өтті», - деп хабарлайды ummamag.kg.

Бұл жоба жылда өткізілетін «Бейбіт диалог» семинар аясында жүзеге асқан әрі  аталмыш жобаның міндеті жастар арасындағы жаңа бастамаларды және жастардың өзекті мәселелерге деген көзқарасын анықтау болып табылады.

Жоба серіктестерінің бірі - «Умма» ислам журналы.

Осындай сырлы атауы бар тренинг-семинар қыздардың жасырын дарындарын, ептіліктерін табуына көмектесуге арналған.

3 күн бойы қыз-келіншектермен қоғам қайраткерлері, педагогтер, психологтер әрі кәсіпкерлер жұмыс жасаған.

Сабақтар пікірталас, интерактивті оқу және топ болып жұмыс істеу түрінде өткен.

Курс тәмамдалғанда оған қатысушылар осындай семинарлар жиі өткізіліп тұратындығына үміт білдірген.

Олардың айтуынша,  мұндай тренингтер оларға өмірдің жарқын жағын көруге әрі ары қарай өздігінен дамуға күш-қуат береді екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру