Дәрігерлер БАӘ тұрғындарының зиянды әдеттеріне алаңдаулы.
БАӘ дәрігерлері ел тұрғындары арасында кеңінен етек алған өлім-жітімнің жаңа үрдісіне қатты алаңдаушылық танытуда. Белгілі болғандай, өлім-жітімге әкеліп соғатын денсаулық мәселесінің басты себебі — дұрыс емес өмір сүру салты, теңгерілмеген тамақтану және басқа да зиянды әдеттер.
Медициналық қызметкерлер мұндай шешімге соңғы алты айда орын алған өлімдерді талдау арқылы келген.
Нәтижесінде анықталғаны, БАӘ 30-40 жас аралығындағы тұрғындардың өлімдері ұстамалы жүрек ауруынан болған екен.
«Жүрек-қан тамырлар ауруына әкеліп соғатын дүниелер — қатты ширығу, дұрыс қойылмаған күн тәртібі және теңгерілмеген тамақтану. Семіру, темекі тарту және дене жаттығуының болмауы көп жағдайда жүрек ауруының серіктері болып табылады», - дейді Бурджель ауруханасының кеңесші-кардиохирургі доктор Валид Шейкер.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
26.09.2017
3863
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру