Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кувейт «әлемнің орталығы» болғысы келетін ниетін жариялады

www.muftyat.kz 22.09.2017 3331 0 пікір
Кувейт «әлемнің орталығы» болғысы келетін ниетін жариялады

Кувейт билігі өршіл жоспарын жариялады

2030 жылға таман Кувейт әлемнің қаржы және мәдени орталығына айналады. Бұл жөнінде Нью-Йоркте өткен БҰҰ Басассамблеясында мұсылман елінің премьер-министрі шейх Джабер әл-Мубарак Әл-Хамад ас-Сабах мәлімдеді.  

«Біздің елдің даму тұжырымдамасына сай, Кувейт 2030 жылға дейін әлемнің алдыңғы қатарлы сауда, қаражат және мәдени орталығына айналуы керек», - деп РИА Новости Кувейт  Үкімет басшысының сөзін дәйексөз ретінде келтірген.  

Сондай-ақ, ол үстіміздегі жылдың маусым айында 2018-2019 жылдар аралығында Кувейттің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақсыз мүше болып сайланғанын атап өтіп және  ұйымға мүше елдерге разылығын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру