АҚШ-тың жоғары оқу орындарының бірінде елдегі бірінші мұсылман қыздар қауымдастығы пайда болды (көпшілікке голливуд жастар фильмдері арқылы таныс студенттік бауырластыққа ұқсас).
Daily Texan Online мәлімдеуінше, енді Техас университетінде «Мю дельта альфа» мұсылман-қыздар қауымдастығы құрылған.
Кеше университетте қыздар қауымдастығының бірінші құрылтай сессиясы болып өткен. Оны ұйымдастырушылар қыздар қауымдастығының мақсаты әрі жуырда жасалатын жоспарлар жөнінде келіскен – кәсіптік бағдар және Құран үйрену бойынша семинарлар туралы сөз қозғаған.
«Мю дельта альфа» қауымдастығының негізін қалаушы Самира Мэддокс қауымдастық мүшелері ислам қағидаларынан ауытқымай кәсіпқой және көшбасшы болуға ниеттенуде деп атап өтті.
«Мұсылман қыз-келіншектері көптеген шектеулерге кездесіп жүреді және де олардың ұқсауға тырысатындай қолжетімді үлгілері жоқ», - деп ағынан жарылды қауымдастық белсенділерінің бірі Мария Хасим. – Бірақ, негізінде, айтса адам сенбейтін мұсылман қыз-келіншектер бар, бізге тек олармен байланыс орнату қажет».
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
21.09.2017
4129
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру