Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ-та «арабтардың ең үздігін» атаған

www.muftyat.kz 18.09.2017 3376 0 пікір
АҚШ-та «арабтардың ең үздігін» атаған

Мұхаммед бин Рашид Әл-Мактум.

Танымал америкалық баспа Huffington Post  «әлемге оң әсер көрсететін ең үздік арабтар» рейтингін жасаған.

Осы тізімнің бірінші орнын премьер-министр әрі Біріккен Араб Әмірлігінің вице-президенті, Дубай әміршісі Шейх Мұхаммед бин Рашид Әл-Мактум иеленген. 

Ғаламтор-газеті жазғандай, оның ең басты қасиеті  «дамуға әрі гуманитарлық қызметке жәрдемдесуінде».

Естеріңізге сала кетейік, шейх ондаған қайырымдылық ұйымдардың қызметіне қатысуда, бұл ұйымдар денсаулық сақтау, білім беру, кедейлікпен күрес және басқа салаларда жұмыс жасайды.

Сарапшылардың бағалауынша, жалпы алғанда, Дубай әміршісі  әлемнің 116 елінде тұратын 130 миллион адамға жәрдем көрсеткен.

Сондай-ақ, бес «ең үздік араб» тізіміне ливан миллиардері Фуад Махзуми (Ливан), сауд Ханзадасы Әл-Валид Ибн Талал Әл-Сауд, ливан тегінен шыққан мексикалық кәсіпкер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Карлос Слим Элу және сауд миллиардері Сүлеймен Абдул Азиз Әл-Раджи кірген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру