Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандар «Ирма» дауылының құрбандарына көрсетілген адам нанғысыз көмектің басында тұр

www.muftyat.kz 14.09.2017 3293 0 пікір
Мұсылмандар «Ирма» дауылының құрбандарына көрсетілген адам нанғысыз көмектің басында тұр

Америка мұсуылмандары  тағы да  елдің барлық жетекші баспаларының беттерінде жүр. Бұл жолы  – исламофобия құрбаны ретінде емес, өз жүректіліктерімен күллі елді ауыздарына қаратқан ержүректер ретінде бейнеленіп жүр. 

Independent  баспасы «Ирма» дауылының құрбандарына көрсетілген адам нанғысыз көмек тізімін жасаған. Бұл тізімнің басында Muslim Marine – АҚШ теңіз жаяу әскері мұсылмандар ұйымының мұсылмандары тұр. 

Баспада жазылғандай, Орланда штатында болған қатты дауылдан зардап шеккендерге автокөлікпен қаншама жер жүріп келіп, ең бірінші болып көмек қолын созған мұсылмандар болыпты. 

Естеріңізге сала кетсек, 6 қыркүйекте Флоридада пәрменді  «Ирма» дауылы соққан. Штат тұрғындарының жартысы қауіпсіз жерге көшірілген.

6 миллиондай Флорида үйлері электр жарығынсыз қалған. Табиғат апатынан болған қаражат шығынын әлі санау керек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру