Кезекті рет келешек қаласы атағын ақтай түсіп, құмды шөлде пайда болған Дубай қаласы тағы да елді естен тандыруда. Енді Дубайдың құрма пальмалары - өзіндік ерекшелігі бар өсімдік қана емес, сондай-ақ, смарт-құрылғы да, оның көмегімен портативті техниканы зарядтауға болады әрі WiFi қолжетімді. Бұдан бөлек, смарт-пальмалар қарапайым зарядтау жабдығына қарағанда гаджеттерді екі есе тез зарядтайды.
Смарт-пальмалар күн көзінен зарядталып, күн энергиясын өз бойына жинайды. Әрбір пальмада сегіз зарядтау көздері және кез келген бағытта 100 метр жерге дейін жететін WiFi көздері бар.
Қала саябақтарын ғажайып-пальмалармен жабдықтаумен айналысып жүрген компанияның айтуына қарағанда, құрма пальмасының өзіндік ерекшелігін пана, құрылыс материалы және зарядтау жабдығы түріндегі өсімдік ретінде іске асыру маңызды болған.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
12.09.2017
4244
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру