Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубайда Құран саябағын ашуға дайындалуда

www.muftyat.kz 11.09.2017 3162 0 пікір
Дубайда Құран саябағын ашуға дайындалуда

 

Құран саябағы

Жуырда Дубай қаласында ерекше тақырыптамадағы саябақ ашылмақшы.  Аталмыш саябақ мұсылмандардың қасиетті Кітабы — Құран-Кәрімге арналады. Саябаққа қасиетті Кітапта баяндалған оқиғалар мағынасын түсіндіретін жәдігерлер қойылатын болады.

Тақырыптама саябағына келушілер Құранда келтірілген жемістердің медициналық тұрғыдан пайдасы мен ғылыми артықшылықтары жөнінде де білетін болады. Мысалы үшін, інжір, банан, жүгері, зәйтүн, сарымсақ, қауын, қияр, зімбір, зире, жасымық және тағы да басқалары.  Бұдан бөлек, саябақта «ислам бау-бақшасы» да болады, үлкен жылыжай, шөлді жазиралы көгал және Испанияның оңтүстігіндегі белгілі андалуз бау-бақшасының негізінде жасалған алаң да болады. Саябақтың нақты ашылу датасы әлі мәлім емес.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру