Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Министр-әйелмен қол алысудың орнына мұсылман оған гүл шоғын сыйлаған.

www.muftyat.kz 08.09.2017 4054 0 пікір
Министр-әйелмен қол алысудың орнына мұсылман оған гүл шоғын сыйлаған.

Скандинавия елінің көші-қон министрімен бірге теледидарлық шоуға қатысқан норвегиялық мұсылмандар көшбасшысы өз әрекетімен  секуляристердің ашуын келтірген екен.

Мұсылмандар ұйымының басшысы Фахад Куреши көші-қон және біріктіру министрі Силви Листхаугпен бір телебағдарламаға қатысқан деп мәлімдеген RT.

Эфир басталмас бұрын министр еркек-жүргізушімен қол алысып амандасып, енді Фахадпен амандасу үшін қолын созғанда, ол қолын берудің орнына күлімсіреп, министрге гүл шоғын ұсыныпты. Өз дегенінен қайтпаған министр-әйел қайтадан қолын созғанда, Фахад бөтен әйел адамға қолын тигізбейтінін білдіріп, қолын жүрегіне қойған екен.

Айта кету керек, өткен жылы осыған ұқсас жағдай Германия президенті  Иоахима Гаукамен де болған – ол Оффенбах мектебінің бір оқушысымен амандасу үшін қолын созғанда, оқушы мұсылман қыз, амандасу үшін қолын бергеннің орнына қолын жүрегіне қойып, басын иген екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру