Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАӘ әлемдегі жомарт он елдің қатарында

www.muftyat.kz 07.09.2017 3455 0 пікір
БАӘ әлемдегі жомарт он елдің қатарында

Қайырымдылық көмек қорының (ҚКҚ) мәліметі бойынша, БАӘ ең жомарт ұлттардың бірінші ондығына кірген. Charities Aid Foundation World Giving Index сәйкесінше, 139 елден тұратын тізімнің 9-шы орнында тұр.

Мәліметтер бүкіл дүниежүзінен жиналып, ең жомарт ел үш белгі бойынша анықталып, бағаланған. ҚКҚ есептемесі белгілі жағдайларда бейтаныс жандарға жасалған көмек, жанашырлық қаражат көмек көрсету немесе ерікті түрде жәрдем етуге қатысқан тұрғындар үлесін зерттейді.

2017 жыл тізімінің басында Мьянма тұр, ҚКҚ World Giving индекс көрсеткіші бойынша бұл ел 65 пайыз деңгейін иеленген.  Тұрғындардың 91 пайызы қаражат жағынан көмек көрсетсе, 51 пайызы ерікті түрде жәрдем еткен, ал 53 пайызы бейтаныс жандарға қол ұшын берген.

Аталмыш ерекше тізімнің екінші орнын Индонезия иеленсе, үшінші орын — Кенияға тиесілі болған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру