Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам барды мешітке айналдырды (фото)

www.muftyat.kz 06.09.2017 3512 0 пікір
Имам барды мешітке айналдырды  (фото)

Оңтүстікафрикалық имам өз ауданында мешіт ашқысы келіп, бірақ ғимараттың  жоқтығына тап болғанда, ерекше тапқырлық танытқан.

Шейх Нтсикелело Назим Нтинтили кезінде дағдыланушы христиан болған.  Алайда 1992 жылы ол футбол клубындағы жолдастарымен бірге Исламды қабылдаған, себебі ол мұсылмандардың діншілдігі мен таза өмір сүру салтына тәнті болған еді.

Имамның айтуына қарағанда, Исламды қабылдау арқылы, ол жастар арасында өріс алған қылмыс үрдісіне ілініп кетпей,  аман қалған.

2015 жылы ОАР-ның белсенді мұсылманын Сауд Арабия королі қажылық парызын өтеуге шақырған болатын, қажылықта жүріп Назим Майк Тайсонмен және басқа да  танымал діндестерімен танысқан деп мәлімдейді  iol.co.za.

Қажылық парызын өтеп келген имам бұрынғыдан да белсенді түрде жергілікті тұрғындарды Исламға тартқан, сол себепті ауданда жаңадан дінге кірген мұсылмандардың саны арта түскен.

Ең басты айта кететін жайт, Нтинтили бұрында бар болған ғимаратты алып, шағын болса да жайлы мешітке айналдырған. Аталмыш мешітте қазіргі уақытта 50 жамағат намазға жығылып, 45 бала діни сауаттарын ашады екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру