Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубайда автокөлік жолдары Wi-Fi «тарататын» болады

www.muftyat.kz 06.09.2017 3334 0 пікір
Дубайда  автокөлік жолдары Wi-Fi «тарататын» болады

Дубайда кезекті өршіл жоба іске асырылады.

Жуырда Дубайда жаңа инновациялық жобаны бастау іске асырылмақ, осы жоба аясында әмірліктің  ірі  трассаларында  Wi-Fi «тарататын» жаңа жарық діңгектері орнатылады.

«Русские Эмираты» ресурсы DEWA кәсіпорын басқарушысы әрі атқарушы директоры Саид Әл Тайердің мына дәйексөзін келтіреді:  «2018 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылатын зияткерлік жарық діңгектері  «ақылды» қала инфрақұрылымына қолдау көрсету үшін, бірнеше инновациялық атқарымды біріктіреді».

Бұдан бөлек,  аталмыш жоба аясында трассаларға халық саны  5 мың болатын қаланы электр қуатымен қамтамасыз ететін күн батареялары қойылады.

Естеріңізге сала кетейік,  бұрында Дубайдың билік өкілдері айтып өткендей, 2030 жылға таман әмірліктің әрбір ғимаратының төбесінде күн панельдері орнатылатын болады, осылайша,  энергетиканың ширегі  экологиялық таза көздерге ауыстырылмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру