Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбандыққа шалынған малдың етін 3 млн мұқтаж жандарға таратқан

www.muftyat.kz 05.09.2017 3155 0 пікір
Құрбандыққа шалынған малдың етін 3 млн мұқтаж жандарға таратқан

Түрік Қызыл жарты ай ұйымы Құрбан айт мейрамында 33 елге, соның ішінде Түркияға да, құрбандыққа шалынған 125 мың ірі қараның етін таратты, - деп мәлімдеген ұйымның басшысы Керем Кынык.

«Құрбандыққа шалынған малдың еті 3 млн астам мұқтаж жандарға таратылып берілді», - деп атап өтті ол. Оның айтуына қарағанда, осы жылы Бангладеш үшін 2275 ірі қара сойылып, еті Аракан босқындарына таратылып берілген. Рефрижераторлар Бангладеш пен Мьянманың шекарасына құрбандыққа шалынған малдың еті салынған 22 мың пакеттерді жеткізген.

Түрік Қызыл жарты ай ұйымы Пәкістандағы 200 мыңдай мұқтаж жандарға 14 мың ірі қараның етін бөліп берген. Нигерде — 14 мың ірі қараның, Чадта — 5250 ірі қараның, Буркина-Фасода – 3500 ірі қараның еті мұқтаж жандарға бөліп берілген. Аталмыш ұйым Сирияның Аазаз қаласында — екі мың ірі қараның, Иракта — 1050 ірі қараның, ал Палестинада — 420 ірі қараның етін мұқтаж жандарға таратып берген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру