Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ұлық мейрам Құрбан айттың соңғы күні құрбан еті таратылды.
«Қайырымдылық қаділі іс» атты айтулы акцияға Өскемен қаласында тұратын көп балалы тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтылды.
Қайырымдылық шарасы барысында 400 отбасыға құрбан еті үлестірілді.
«Құрбан айт мерекесі қарсаңында біз айырымдылық шарасын басты орынға қойып отырмыз. Тұрмысы төмен отбасыларға және қаладағы әлеуметтік мекемелерге құрбан айтта жиналған етті таратудамыз. Жеке отбасылардан бөлек, «Хоспис» қарттар үй, «Үміт», «Үлбі» әлеуметтік мекемелеріне мешіт тарапынан арнайы құрбан шалынып, азық-түлік және өзге де қажетті заттардың көмегін жасалды» деп таныстырды, шараны ұйымдастырушылар.
Көмек алған отбасыларда облыстық мешітке алғыстарын білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
04.09.2017
3636
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру