Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сауд қыз-келіншектері қажылықты ұйымдастыруға белсенді қатысуда

www.muftyat.kz 01.09.2017 3287 0 пікір
Сауд қыз-келіншектері қажылықты ұйымдастыруға белсенді қатысуда

Миллиондаған мұсылмандар қажылық парыздарын өтеуді бастағанда, Сауд Арабияда қиын-қыстау жағдайға түскен қажыларға жәрдем беретін мамандандырылған колл-орталықтардың жұмысы қызу жүріп жатыр.

Аталмыш колл-орталықтар қызметкерлерінің арасында жедел әрекет ету қызметінде 7 қыз-келіншек бар, олар Меккедегі қажылардың қоңыраулар қабылдайды.

Step Feed дәйексөзіне жүгінсек, ағылшын тілі факультетінің бітірушісі 31 жасар Бара Аш-Шувайбидің айтуына қарағанда, Сауд қыз-келіншектері әртүрлі салада, соның ішінде, қауіпсіздік саласында да қызмет етеді екен.

Шет тілдерін игерген әрі қызметке түспес бұрын арнайы курстерден өткен Бара мен оның нәзік жанды әріптестері, еркектерден бөлек кеңседе отырады.

Қызметкерлердің міндетіне қоңырауларды қабылдау, хабарласып тұрған адамның тұрған жерін және мәселесін анықтау жатады  – бұл жерде өрт, қылмыс, өзін жаман сезіну, ЖТО немесе басқа да жағдайлар сөз болып отыр. Содан кейін диспетчер орын алған оқиға туралы сәйкес орындарға хабарлайды, ал олар қажыларға көмектесуге ұмтылады.

Айта кету керек, осы жылғы қажылық мерзімінде, қажыларға көмек қолын созатын ерікті қыз-келіншектердің саны 2000 болған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру