Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Индонезиялық мұсылман қажылық парызын өтеу үшін 9 мың километр жер жүрген (Сурет, бейне)

www.muftyat.kz 01.09.2017 3604 0 пікір
Индонезиялық мұсылман қажылық парызын өтеу үшін 9 мың километр жер жүрген (Сурет, бейне)

Мұхаммед Хамим Сетаван

28 жасар Индонезия тұрғыны Мұхаммад Хамим Сетаван қасиетті Мекке қаласына қажылық парызын өтеу үшін артқа 9 мың километр жерді тастап жаяу келген.
Индонезиец прошел 9 тысяч километров, чтобы совершить Хадж (Фото, видео)
Қасиетті сапарға үстіне «Толығымен Бір Аллаға тәуекел етіп, мен Меккеге жол тарттым» деген жазуы бар жейде киген мұсылман өткен жылдың 28 тамызында жол тартқан екен. Мұсылмандардың қасиетті орны саналатын жерге жету үшін оның бір жыл уақыты кеткен.
Индонезиец прошел 9 тысяч километров, чтобы совершить Хадж (Фото, видео)
Осы сапар барысында ол Индонезияны, Малайзияны, Мьянмды, Үндістанды, Пәкістанды, Оманды және БАӘ басып өтіп, Сауд Арабияға жеткен.
Индонезиец прошел 9 тысяч километров, чтобы совершить Хадж (Фото, видео)

«Көбіне мен түнгі салқынмен жүріп, жиі ораза ұстадым. Негізінде, мешіттер мен жергілікті қонақжай тұрғындардың үйінде түнеп отырдым. Кейде ормандарда шатыр ішінде түнеуге тұра келетін. Мен ешқашан ешкімнен ештеме сұрамадым, бірақ менің жолымда маған тамақ пен басқа да қажетті нәрселерімді берген көптеген жақсы адамдарды кездестірдім. Бірде тіпті мені будда ғибадатханасында да қабылдаған. Үндістанда, менің бақытыма орай, мұсылман дін мамандарымен кездесіп, олармен дін жөнінде көп әңгіме өрбіттік», - деп ағынан жарыла әңгімелеп берді индонезиялық жігіт.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру