Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хижабтағы дизайнер сән тележобасының кастингінен өтті

muftyat.kz 31.08.2017 3821 0 пікір
Хижабтағы дизайнер сән тележобасының кастингінен өтті

 

Американың Юта штатында тұратын мұсылман-дизайнер «Project Runway» сән тележоба сайысына қатысуға таңдалып алынған.

Айяна Ифе бұл кастингке мейнстрим негізіндегі қарапайым сән тұжырымдамасын дамыту әрі өзінің жеке сәнгер ретіндегі мансабын құру мақсатында қатысуға бел шешкен.

Аталмыш жоба үшін телевидениеге хижаб киген келіншектің пайда болуы, көптеген америкалық мұсылман қыз-келіншектерді қуантқаны сондай, Айянаға олардан қыруар хаттар мен хабарламалар келе бастаған.

Al Arabiya телеарнасының келтірген дәйексөзіне жүгінсек: «Жобаға енді қатыса бастаған кезде, менің басты мақсатым – жеңу ғана болды. Қарапайым киімдер нарығында танымал дизайнер болғым келеді. Тек қана мұсылман қыз-келіншектер үшін емес, қарапайым сәнді ұнататын барлық әйелдер үшін де», - деп ағынан жарылған екен Юта штатының тұрғыны Айяна Ифе.

27 жасар мұсылман келіншек осыдан 2 жыл бұрын күйеуінен ажырасқан соң, Солт-Лейк-Ситиден Нью-Йоркке өмір жолын қайтадан бастау үшін көшіп келген болатын. Ифенің айтуына қарағанда, Ютада ол біршама мормон достар тапқан.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру