Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

104 жасар қажы әже рекорд жасамақ

muftyat.kz 29.08.2017 3857 0 пікір
104 жасар қажы әже рекорд жасамақ

Сауд Арабияға сенбі күні Индонезиядан ең қарт қажы әже келіп жетті.

104 жасар Мәрия Маргани Мұхаммед осы жылы қажылық парызын өтеп жүрген қажылардың ішіндегі жас жағынан ең үлкені болады деп күтілуде.

Индонезиядан ұшып келген бірегей қарт әжені Жидданың халықаралық әуежайынан күтіп алуға Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоғары шенді өкілдері, сондай-ақ, Корольдіктегі Индонезия Қажылық Миссиясының басшылығы  келген екен.  104 жасар қажыны күтіп алуға сауд телеарналары да келіпті.

Мәрияның айтуына қарағанда, Корольдікте қажылықты өтеуге керемет жағдайлар жасалып, көп жеңілдетілген екен. Қарт әже  Сауд Арабияға келгеніне өте қуанышты екенін жасыр алмады.

Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Мәрияның денсаулығын Жиддаға келе салғанда медицина қызметкерлері тексерген екен.

Айта кету керек, Сауд Арабияға жұма күнгі есепке қарағанда, 1,705 млн қажы келіпті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру