Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Православиелік  христиан бірегей мешіт жобасын дайындаған

muftyat.kz 29.08.2017 3929 0 пікір
Православиелік  христиан бірегей мешіт жобасын дайындаған

 

Он жыл бұрын Аустралия Панчбоулының мұсылман қауымы Ангело Канделапас есімді сәулетшіге діни ғимараттың жобасын дайындап беруін өтінгенде, маманның бірінші ойы «мешіт, қызық екен» болыпты.

Канделапас – грек православие шіркеуінің белсендісі әрі оның отбасы түгелдей шіркеу қызметіне қатысады екен.  – «Өзімді мешіт жобасында жұмыс істеп жүргенімді елестету өте қиын болды», - деп ағынан жарылды сәулетші.

Сол апта ішінде ол шіркеу мен синагог салуға да  тапсырыстар алған екен. Sydney Morning Herald мәлімдеуінше, танымал әрі барлық беделді марапаттардың иесі атанған сәулетші келіп түскен барлық ұсыныстарды қабылдауға бел шешіпті.

Мешіт жобасын жасау барысында, православиелік  христианға Исламның бірқатар аспектілерімен танысуға тура келген – Қыбла мен Меккенің, мінбер мен намаздың не екенін білген.

Нәтижесінде, жүздеген бетонды жарты күмбездері бар мешіт пайда болған, әрбір жарты күмбезге Алла Тағаланың 99 есімі пішінінде жасалған  жарық түсетін саңылау бар екен.  Құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

Сидней сәулет фестивалі аясында жоба авторы өзінің ерекше мешітін көрсетпек.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру