Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт мейрамының құрметіне арналған жарыстың жеңімпазы миллион теңге алады

muftyat.kz 28.08.2017 3539 0 пікір
Құрбан айт мейрамының құрметіне арналған жарыстың жеңімпазы миллион теңге алады

Қазақстанда Құрбан айт мейрамының құрметіне жүлде қоры 1 миллион теңге болып табылатын бәйге жарысы (ұлттық ат спорт жарысының бір түрі) өтеді.

Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы, облыстық мешіттің Бас имамы Ермек Қасболатұлы мәлімдеді.

«Осы жылы тазы иттер жарысы мен өзге де қазақ ойындары орын алмақ. Бұдан бөлек, үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, тең бөлініп, күнкөрісі төмен отбасыларға таратылады», - деп атап өтті Бас имам.

Құрбандық шалатын орын үшін Шығыс Қазақстан облысының Шығыс ауылының шетіндегі алаң таңдалып алынған екен. Мейрам үшін бұл жер  арнайы жабдықталмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру