Діни ғимарат құрылысының аяқталуы бірнеше рет кейінге қалдырылған.
Грекияның Білім және дін істері жөніндегі министрлігі жуырда 7 адамнан тұратын әкімшілік кеңес құрған, бұл кеңес елде бірінші рет салынып жатқан мешіт қызметін бақылайтын болады.
Кеңеске мүше болып қалалық әкімшіліктен 2 өкіл, министрлік шенеуніктерінен 2 адам, Афина үмбетінен 2 өкіл және бір юрист сайланған екен. Кеңесті Дін істері жөніндегі министрліктің өкілі Константинос Питтадакис басқарады, ал қала басшысының орынбасары Нелли Папачела кеңестегі бір лауазымды иеленетін болады.
Ансар.ру сайтының мәлімдеуінше, Афинадағы мешіт жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда. Осыған дейін діни ғимарат құрылысының аяқталуы бірнеше рет кейінге қалдырылған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
24.08.2017
3633
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру