Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Twitter-дегі бір хабарлама Ганалық қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді

muftyat.kz 24.08.2017 3791 0 пікір
Twitter-дегі бір хабарлама Ганалық қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді

"Мұны біраз үлкен етіп жасағанда, ол мені Меккеге апара алар ма екен?". Бұл сұрақты аэротүсірілім үшін қолданылатын дронды көрген Гананың Абдулла есімді шаруасы түрік телевидениесінің журналистіне қойған екен.  

TRT World телекомпаниясының журналистері ганалық шаруалар тіршілігін түсіру үшін Гана ауылдарының біріне келген болатын. Журналистің айтуынша, шаруалардың бірі дронға  расымен де қызығушылық танытып,  телекомпанияда Меккеге апарып келе алатындай үлкен дрон бар ма деп сұраған.  

Журналист бұл жөнінде Твиттер әлеуметтік желісіне жазған болатын, ал бұл хабарлама жария болған соң, күтпеген жағдай орын алады. Түркияның қарапайым адамдары мен кәсіпкерлері ганалық шаруаның арманын орындауға дайын екендерін білдіріп журналистке хабарласады.  

Бұл мәселеге Түркияның Шетел істері министрлігі де қосылады. Нәтижесінде, Абдулла қазір Стамбулда, Меккеге ұшқалы отыр.

Как одно сообщение в Twitter позволило отправиться в хадж простому крестьянину из Ганы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру