Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

80 жасар қажы таңданарлық жағдайда инфарктен құтылды

muftyat.kz 23.08.2017 3868 0 пікір
80 жасар қажы таңданарлық жағдайда инфарктен құтылды

Сауд Арабияға қажылық парызын өтеуге  ұшып келген 80 жасар қажы таңданарлық жағдайда инфарктен құтылды. Қасиетті жерге Ираннан ұшып келе сала,  мұсылман өзін жаман сезінген.

Ирандық Меккедегі әл-Харам мешітінде болғанда оған жедел жәрдем дәрігерлері назар аударып, онда миокард инфаркты деп күдіктеніп оны тез арада ауруханаға жатқызған болатын. Ауруханада оған шұғыл ота жасалады.

Ауқымды инфарктен өлу пайызы өте жоғары әрі оған қажының  ұлғайған жасы қосылды, бірақ дәрігерлер оның жанын сақтап қалды. Тіпті   ота жасатып шыққан ирандық, өзінің қажылық парызын толықтай өтей алатын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру