Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өздігінен үйренген суретші Құранның ірі қолжазбасын дайындады

muftyat.kz 23.08.2017 3475 0 пікір
Өздігінен үйренген суретші Құранның ірі қолжазбасын дайындады

Мысырлық өздігінен үйренген суретші Құранның әлемдегі ең ірі қолжазбасын шығарған әрі бұл шығарма Гиннесс рекордтар кітабына кіреді деп үміттенеді.

Al Jazeera  телеканалының хабарлауынша, алғашқыда Саад Мұхаммед Каирдың солтүстік жағындағы Белкина қаласында орналасқан өз үйінің қабырғалары мен төбесіне Құран тіліндегі дұғаларды салудан бастаған екен, ал 3 жыл бұрын ұзындығы 700 метр болатын бумаға көркем түрде безендірілген Құранды жазуға кірісіпті.

Мұхаммед қағаздарды жылжытып отыратын арнайы ағаш құрылғыға орнатылған өзінің жауһарын журналистерге көрсетті.

«Бұл Құранның ұзындығы 700 метр, әрине, бұл деген зор көлемді қағаз, - деп түсіндірді мысырлық. – Соңғы үш жыл бойы жасаған жобамның шығынын өзім төледім. Мен қарапайым ғана адаммын  – менің ешқандай ерекше активтерім жоқ».

Осы арада айта кету керек, Гиннесс рекордтар кітабында басылып шыққан ең ірі Құран бар, алайда Құранның мұндай ірі қолжазба нұсқасы әлі жоқ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру