Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астаналық дүкендерде харам сатуды тоқтатты

muftyat.kz 23.08.2017 3944 0 пікір
Астаналық дүкендерде харам сатуды тоқтатты

19-шы тамыздан бастап  Ашхабадтағы дүкендердердің сөрелерінен спиртті ішімдіктер жоғалып, ал мамандандырылған алкоголь сататын нүктелер жабылған.

Сондай-ақ, Түрікменстанның 15 облысында 300-ден аса салық милициясының қызметкерлері алкоголь шығаратын зауыттарда тінту жүргізуде.

Бұдан бөлек, ұлттық гвардия әскери қызметкерлер арасындағы маскүнемдікпен күресетін жарғылық тәртіпке келтіру ротасын құрған.

Елдің сауда министрлігі алкогольге салынған тыйым осы ел астанасында қыркүйектің 17-нен 27-не дейін өтетін жарысқа байланысты деп атап айтқан.

Жабық ғимараттарда өтетін Азия ойындары мен жауынгерлік өнер сайысына әлемнің 62 елінен спортшылар келеді, оның 45-і – азия аймақтарының елі болмақ. Жарыс спорттың 18 түрін қамтитын болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру