Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сингапурде мұсылман кәсіпкер әйелдің құрметіне арнап қиыс тұрғызылған бірегей мешіт бар

muftyat.kz 22.08.2017 3267 0 пікір
Сингапурде мұсылман кәсіпкер әйелдің құрметіне арнап қиыс тұрғызылған бірегей мешіт бар

Сингапурдегі «Фатима қажы» мешітінің негізі осыдан 170 жылдай бұрын қаланған, бұл мешіт осы елдегі мұсылман діни ғимараттарының ең бірегейі болып табылады. Аталмыш мешіттің ең бір қызығы  - оның мұнарасы шамамен 6 градус өлшемде қиыс тұрғызылған.  

Уникальная падающая мечеть Сингапура, построенная в честь мусульманки-бизнесвумен

Фатима қажы малакан тегінен шыққан қыз болатын, ол Целебес (қазіргі Сулавеси) аралының князі Бугиске тұрмысқа шыққан екен.  Ол талантты кәсіпкер болған әрі күйеуінің қазасынан кейін оның кәсібін одан әрі жалғастырған.

Уникальная падающая мечеть Сингапура, построенная в честь мусульманки-бизнесвумен

Бұл мешіттің салыну тарихы да ерекше. Аталмыш ғимарат - үйі екі рет өртенген кедей әйелдің жер теліміне  салынған екен. Үйі үшінші рет өртеніп кетпесін деп, бұл әйел өзіне тиесілі жер телімін мешіт салдыртуға беріпті.

Уникальная падающая мечеть Сингапура, построенная в честь мусульманки-бизнесвумен

Осы ғибадат үйінің демеушісі Фатима қажының өзі болған екен, сондықтан бұл мешіт осы кісінің құрметіне сай аталған. Фатима қажы, оның қыздары және күйеу баласы осы мешіттің негізіне жерленген. 1973 жылдың 6 шілдесінен бастап «Фатима қажы» мешіті ұлттық жәдігер болып табылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру