Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам балалар лагері 55 жыл бойы мінсіз қызмет көрсетуде

muftyat.kz 21.08.2017 4212 0 пікір
Ислам балалар лагері 55 жыл бойы мінсіз қызмет көрсетуде

Міне, 55 жыл бойы әр жазды Калифорния штаты мұсылмандарының балалары ересектермен бірге демалыстарын рухани әрі денсаулықтарына пайдалы өткізу үшін  орманға аттанады. NPR мәлімдеуінше, Калифорния мұсылман балаларының лагерінің негізін  1961 жылы марқұм Маргуб Курайши мен оның жұбайы Рене Иффат Курайши  қалаған екен.

Шығу тегі үнді-пәкістандық Маргуб Ислам дінін қабылдаған жұбайының және қыздарының жүрегіне осы асыл дінге деген сүйіспеншілікті ұялатқан. 2005 жылы ақсақал қайтыс болғанда, оның қыздары жыл сайын жазғы лагерьді ұйымдастырып, оны өткізіп тұруды қолдарына алған екен.

«Менің әкем Исламды жақсылық, теңдік, әлеуметтік әділдік күші әрі білім алуға ұмтылыс деп санаған», - дейді колледждердің бірінде ислам капелланы қызметін атқарушы, мұсылман көшбасшысы Амир Курайшидің қызы.

Калифорниядағы лагерь ең үздік америкалық дәстүрде, яғни, сапарға шығу, суға түсу, таза ауада ойнау және кәуәп жасаумен өтеді.  Тек діни компоненттерімен ғана ерекшеленеді -  балалар мен ересектер бірге құлшылық етеді әрі дінді оқып-үйренеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру