АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Силвер-Спрингс қаласындағы Мұсылман қауымдастығы орталығының медициналық клиникасы (MCC) ең үздік заманауи медицина технологияларымен жабдықталып, ең жақсы медициналық қызмет көрсетеді.
Бұл клиниканың емделушілері әртүрлі этникалық топтардың өкілдері болып табылады, көбіне олар тек өз туған тілдерінде ғана сөйлеп, ағылшын тілін игермеген болады. Осы мақсатта ММС жұмысын жеңілдету барысында өз қызметкерлерін әлемнің түкпір-түкпірінен қабылдайды.
«Бізде африка құрлығынан келген көп адам қызмет етеді, сондай-ақ, урду, хинди, бенгал, испан, француз және басқа тілдерде де сөйлейтіндер аз емес», - деп атап өтті МСС атқарушы директоры, дәрігер Рашид Чотани.
Аталмыш клиниканың ең қызығы – ол Мэриленд штатындағы мешіт негізінде қызмет етеді. Ummamag.kg сайтының мәлімдеуінше, дегенмен, емделушілердің 50 пайызы - басқа конфессия өкілдері.
«Біз тек мұсылмандарға ғана қызмет көрсетіп қоймаймыз, сонымен қатар, бізден көмек алуға келгендердің бәріне жаппай көмек қолын созамыз», - деп сөзін жалғады дәрігер.
Айта кету керек, 2003 жылы доктор Асиф Кадри MCC негізін қалаған, алғашқыда қызметкерлер ерікті түрде жұмыс жасап, науқастарды аптасына бір-ақ рет қабылдаған болатын.
Қазіргі таңда клиника демалыссыз медициналық қызмет көрсетеді. Бір жыл ішінде 17 000 науқасты қабылдауға шамасы жетерлік.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
17.08.2017
4258
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру