Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Антрактидада болған тарихтағы бірінші Құран Меккеге жіберіледі

muftyat.kz 16.08.2017 4533 0 пікір
Антрактидада болған тарихтағы бірінші Құран Меккеге жіберіледі

3 жыл бұрын «Антарктида-100» экспедиция аясында, оның қатысушыларына Құранның бір данасы берілген болатын, нәтижесінде алғаш рет Антарктидада мұсылмандардың Қасиетті кітабы - Құран пайда болып, азан шақырылған еді. Бір жылдан кейін полярлық экспедицияда зерттеушілермен бірге болған Құран Ислам мәдениеті мұражайына тапсырылған болатын.

17 тамызда Қазан Кремлінде аталмыш Құран салтанатты түрде Алексей Леонов атындағы Орыс георграфиялық қауымдастығы ғылыми-зерттеу су асты жасағының мүшесі Рүстем Гильмутдиновке табыс етіледі. Ал ол өз кезегінде бұл Қасиетті Құранды Меккеге алып барады.

Бұл «Казан басмасы» - Қазанда мұсылмандармен бірінші рет басылып шыққан Құран басылымының  қайтадан басып шығарылған көшірмесі болып табылады. Дәл осы Құран су асты жасағының мүшелерімен бірге 2014 жылы Антрактидадағы «Беллинсгаузен» полярлық станциясында болған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру