Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хиджабтағы бірінші әйел-полицей соқыр наныммен күресуде

muftyat.kz 15.08.2017 4238 0 пікір
Хиджабтағы бірінші әйел-полицей соқыр наныммен күресуде

Аустралиядағы Виктория штатынының хиджабтағы бірінші әйел-полицейі - қылмыстың алдыңғы шебінде жүрген мұсылман-келіншекке полицей қызметінде болудың қандай екенін әңгімелеп берген.

2004 жылдың қараша айында Маха Суккар Викториядағы полиция киімімен бірге хиджаб киген бірінші офицер болды.

The Daily Mail газетінің мәлімдеуінше, полиция академиясын бітіргеніне 13 жыл өткен уақытта 42 жасар полиция аға констеблі Маха әлі де адамдардың өзіне қатысты көзқараста исламофобия дертінің жатқанын сезеді, бірақ жасымайды.

«Үнемі адамдарға өзіміздің кім екенімізді әрі не істеп жүргенімізді түсіндіру барысында көптеген қиындықтардың бар екенін көремін», - дейді Суккар.

Ливанда туып-өсіп, қазір Мельбурнде тұрып жатқан әйел-полицей, полицияның әртүрлі мәдениеттермен байланыс үйлестірушісі болып табылады әрі этнодіни азшылық пен құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.

Айта кету керек, 2000 жылы Маха Бейруттан Аустралияға көшіп келген, өзінің бірінші мамандығы суретші-көркемдеуші бола тұра, ол полиция академиясына түсуге бел буған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру