Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Даун синдромы бар мысырлық спортшы рекорд жасамақ

muftyat.kz 14.08.2017 4450 0 пікір
Даун синдромы бар мысырлық спортшы рекорд жасамақ

Осы айда Даун синдромы бар мысырлық спортшы ғажайып рекорд жасамақшы.

Аталмыш диагнозы бар мысырлық 18 жасар жүзгіш Мұхамед Әл-Хуссейни бірінші рет Ла-Манш бұғазын жүзіп өтпекші. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, жас спортшы 36 километрлік аралықты тоқтаусыз 15 сағатта жүзіп өтуге үміттенеді.

Үнемі Әмірлікте тұратын Әл-Хуссейни жүзу алдында Хургада спорт комплексінде күніне 10 сағаттан жаттығуда.  Осы аралықты жүзіп өткен соң Мұхамед бірден екі ел – Мысыр мен Әмірліктің – туларын көтермек.

Өз жетістігімен  жас Мұхамед Даун синдромы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы қалыптасқан таптаурынды жоққа шығармақшы.

Осы арада айта кету керек, Даун синдромы бар ресей спортшысы Влад Ситдиков жасөспірімдер арасында зілтемірді сығымдап көтеруден әлем чемпионы болған – жасөспірім дені сау спортшылармен тең түрде жарысқа түсіп, сенімді түрде жеңіске жеткен.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру