Қазақстанда Жалағаш ауданында орналасқан Мырзабай Ахун кесенесін қайтадан жөндеу кезінде Қасиетті Құранның көне данасы табылған екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл кітапқа 150 жылдан астам уақыт болған.
Кzvesti.kz хабарлауынша, құнды жәдігерді Ахунның шөбересі Ораз Салқашұлы тапқан екен.
«Қазу барысында біз кітап беттері салынған екі жарым мөшекті таптық, сарапшылар бұл табылған кітаптарды зерттесе деген ниеттеміз», - деп айтты ол.
Айта кету керек, Мырзабай Ахун XIX-XX ғасырларда өмір сүрген. Ол астрономия, философия, химия, математика, медицина және географияны оқытқан танымал «Кукельдаш» медресесінде білім алған. Кейін келе өзі осы оқу орнында оқытушы болған.
Табылған жәдігерді ғалымның шөбересі Қазақстан мұражайына сый ретінде тапсырып, осылайша, еліміздің рухани жаңаруына өз үлесін қоспақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
07.08.2017
4406
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру