Ішінде мол қаржысы бар сөмкені тауып алып, иесіне қайтарған алжир мұсылманы бір сәтте испан баспасының басты кейіпкеріне айналды.
2001 жылдан бері Испанияда тұрып келе жатқан алжир Хавари Саадини, Пальма-де-Мальорка қаласының бір көшесінде иесіз жатқан сөмкені тауып алады.
Мұндай олжаға таңқалған Саадини көп ойланбастан сөмкені жақын маңдағы полиция бөліміне тапсырған. Кейін белгілі болғандай, бұл сөмкенің иесі жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері 37 жастағы Румын тұрғыны болып шыққан.
Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, кейін полиция қызметкерлері сөмкеден табылған ақша мен бағалы бұйымдардың құнын 77 000 еуроға бағалаған екен.
Осындай қиын заманда көшеден тауып алған ақшаны оңайлықпен иесіне қайтарып берген алжирді жергілікті БАҚ батыр деп таныған. Ал Хавари Саадинидің өзі болса, жасаған әрекетінен әдеттен тыс ештеме көрмейтінін білдірген – оның айтуынша, ол инстинктивті түрде әрекет еткен, өйткені ислам тәрбиесі оған бөтен біреудің мүлкін иеленуге рұқсат етпейтін еді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
07.08.2017
5483
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру