Оқу орындарын бітіруші көркем де қарапайым қыздарды жиі көресіздер ме?
Еуропа елдері болып саналатын Босния мен Герцеговиня медреселерін бітіруші-қыздарды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Бұл тамаша елде медресе бітірушілердің оқу орнын тәмамдауына орай ауқымды мереке ұйымдастыру дәстүрі қалыптасқан. Осы күні мұсылман-қыздар әдемі киімдер киеді, айта кететіні, әр медресе хижабының өз түсі бар. Салтанатты медресе бітіру кешін тамашалауға тек қана кешегі студенттердің туған- туыстары ғана емес, сонымен қатар, қарапайым қала тұрғындары да жиналады.
Босния мен Герцеговиняда мыңдаған студенттерге білім беретін жүздеген медреселер бар. Бір медресенің өзі жылына 120 түлекке дейін шығарады. Медреселердің ең көнесі – Ғази Хусрев-бек медресесі, 478 жыл бойы үздіксіз жұмыс жасап келеді. 1537 жылы іргесі қаланған аталмыш медресе қоғамның адамгершілік тәрбиесі мен оқу-ағарту діңгегіне айналған.
Суреттерде «Elči Ibrahim-pašina medresa», «Behram-begova medresa, «Gazi Husrev-begova medresa», «Medresa Džemaludin ef. Čaušević», «Karađoz-begova medresa» сынды босниялық медреселерін бітіруші-қыздар.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
01.08.2017
4116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру