Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дубай жағажайларында қарлы СПА ашылды

hibatulla.kz 26.07.2017 3943 0 пікір
Дубай жағажайларында қарлы СПА ашылды

"Dubai Ladies Club" Дубай әйелдер клубы жағажайға келген ханымдарға қарлы СПА ұсынады. Бұл алда өткен демалыста ғана ашылған бөлім.

DubaICE Ladies Beach атты спа бөлімінде балаларға арналған ойын-сауық пен қонақтар үшін қарлы әрі мұзды сусын сататын бар қойылған. Жаңа қызмет жұма және сенбі күндері 14.00-ден 19.00-дейін балалар мен әйелдер үшін қол жетімді болып табылады.

Зерттеулер бойынша төмен температура денсаулық үшін пайдалы. Атап айтқанда, ол қартаю процесін баяулатады және қуаныш гормондарын көбейтеді және бұлшық еттің қалпына келуіне ықпал етеді, зат алмасуды жақсартады және иммундық жүйені нығайтады.

Өткен демалыс күндері, спаға қазірдің өзінде 1000-нан астам әйел келді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру